
Мұқыры ауылдық кітапханасында 10 тамыз Абай күніне орай "Абайды оқы, таңырқа" атты әдеби-әуезді сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы А. Тұрысбекова қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар беріп, "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, ақынның "Желсіз түнде жарық-ай"," Көзімнің қарасы"және т. басқа да әндері орындалды.






