🤖 МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУДА

    🤖 МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУДА

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі 2026 жылға арналған ведомстволық жоспарды іске асыру шеңберінде жәрдемақыларды электрондық тағайындау процесін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.

    «Жәрдемақыларды электрондық тағайындау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік қызметтер автоматты түрде тағайындалады.

    📌 Атап айтқанда:

    🔹 бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;

    🔹 «Алтын алқа», «Күміс алқа» медальдарымен марапатталған көпбалалы аналарға жәрдемақы;

    🔹 сондай-ақ басқа да әлеуметтік төлемдер.

    📊 Ұлытау облысында 2026 жылдың 7 айында 228 мемлекеттік қызмет автоматты түрде тағайындалды.

    ✨ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу рәсімдерін жеңілдетуге және әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    💙 Цифрландыру — халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттырудың маңызды қадамы!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары