
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.М. Байменованың қатысуымен Жезқазған қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне оқыту өткізілді.
Кездесу барысында:
🔹 зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі;
🔹 әлеуметтік саладағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер;
🔹 мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;
🔹 қызмет көрсету мерзімдерін сақтау;
🔹 сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, орталықтандырылған деректер базасы мен Е-Макет ақпараттық жүйесіндегі бақылау есептерін тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.
📌 Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын күшейту.









