
2026 жылғы 12 тамызда Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е. Мизамбаевпен және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары — мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары А. Рамазанов пен Д. Ниязовпен бірлесіп, сайлау учаскелеріне бару жүзеге асырылды.
Мүгедектігі бар адамдардың өз құқықтарын толық көлемде іске асыруын қамтамасыз ету мақсатында аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және объектілерді бейімдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар шеңберінде аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қолданыстағы заңнама талаптары, қолжетімді орта қалыптастыру қағидаттары, сондай-ақ ақылға қонымды бейімдеу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, сайлау учаскелеріне бірлесіп зерделеу жүргізу арқылы негізгі кедергілерді анықтау және оларды референдум күніне дейін жоюға бағытталған жедел, жеңіл әрі жылдам іске асырылатын шешімдерді қабылдау қажеттігі түсіндірілді.
Бұл ретте уақытша пандустарды орнатуға (басқа мүмкіндік болмаған жағдайда), тактильді бағыттаушы белгілерді орналастыруға, қолжетімді кіреберіс жолдарды ұйымдастыруға және өзге де жедел шараларды іске асыруға басымдық берілуі тиіс екендігі атап өтілді.
Қабылданатын шаралар нақты практикалық нәтижеге бағытталып, мүгедектігі бар адамдардың сайлау учаскелеріне кедергісіз әрі қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз етуі қажеттігі түсіндірілді.









