Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан және ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстарымен таныстырды.
Негізгі назар нотариаттық қызмет пен атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге, олардың ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге аударылды.
Осы бағытта цифрлық шешімдер енгізілуде. Соның бірі – «Тараптар кабинеті», ол өндіріп алушы мен борышкерге кез келген уақытта атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, оның ағымдағы мәртебесін көруге, жасалған әрекеттер мен қабылданған шараларды тексеруге, сондай-ақ электрондық форматта өтініштер мен өтінішхаттар жолдауға мүмкіндік береді. «Тараптар кабинеті» 2025 жылғы 1 шілдеден бастап іске қосылып, AdiletGov жүйесімен интеграцияланды.
Келесі кезеңде жасанды интеллектіні пайдалана отырып проактивті бақылау енгізіледі. Бұл атқарушылық іс жүргізудегі кідірістерді, ұзақ уақыт аяқталмай тұрған істерді, мерзімдердің бұзылуын және жедел әрекет етуді талап ететін өзге де проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Әділет министрлігі E-Notary жаңа цифрлық платформасын іске қосуда. Платформа нотариустың әрбір әрекетін тіркеуді, нотариустар мен азаматтарды биометриялық сәйкестендіруді, сондай-ақ азаматтарға өздерінің қатысуымен жасалған нотариаттық әрекеттерді бақылауға және қадағалауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект элементтері ұсынылған құжаттарды талдау, ықтимал сәйкессіздіктер мен тәуекелдерді анықтау үшін пайдаланылатын болады.
Басты мақсат – азаматтардың шағымдарына ден қоюдан олардың алдын алуға көшу және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған нотариат пен атқарушылық іс жүргізудің заманауи цифрлық моделін қалыптастыру.
Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында әділет саласындағы жаңа технологиялар туралы баяндады
Ұқсас материалдар

Қарағандыда «Энергетиктер аллеясы» ашылды
ҚР ЭМАшу
Португалиямен институционалдық ынтымақтастық нығайта түсуде
Ашу
Қазақстан мен Қытай энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруда
Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасыАшу
2026 жылғы 25 қыркүйекте Абай облысында сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Абай облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасыАшу
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі қыз бес тәулікке қамалды
Алматы қаласының Полиция департаментіАшу
"Жамбыл облысының Әділет департаменті" жаңалықтары

«Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесіне адвокаттардан келіп түсетін өтініштерді тек СДТБТ (ЕРДР) жүйелесі арқылы жолдау тақырыбында жұмыс кездесуін өткізді.
Жамбыл облысының Әділет департаментіАшу
«Заң мен тәртіп» қағидаларын ілгерілету мақсатында «Алаяқтық», «Сенің құқығың» атты тақырыпта семинар өткізді
Жамбыл облысының Әділет департаментіАшу
құқықтық кабинет
Жамбыл облысының Әділет департаментіАшу
«Зияткерлік меншік. Авторлық құқық» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Жамбыл облысының Әділет департаментіАшу
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында«Сенің құқығың, сенің таңдауың, сенің жауапкершілігін» тақырыбында лекция өткізді
Жамбыл облысының Әділет департаментіАшу