
Ағымдағы жылдың 21 шілде күні профилактикалық бақылау жүргізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Д. Жолтаева, Л. Газизовамен «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілудің тәртібі, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты талаптары және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік инфрақұрлымы объектілерінде қол жеткізуін қамтамасыз ету талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.









