Көші-қонға жаңа тәсіл: шетелден келген азаматтар қалай орналастырылады

    Көші-қонға жаңа тәсіл: шетелден келген азаматтар қалай орналастырылады

    2026 жылғы 10 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру үшін құжаттарды қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, иммигранттарды қоныстандыру үшін белгіленген өңірлерде құжат қабылдау жүзеге асырылады. Олардың қатарында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы бар.
    Аталған өңірлерге қоныстану талабынан мына санаттағы адамдар босатылады: бұрынғы отандастар; Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын некеде кемінде бір жыл тұрған және ерлі-зайыптылардың біреуі ҚР азаматы болып табылатын жағдайда, жұбайымен қайта қосылу мақсатында келген адамдар; қазақ тілін В2 деңгейінде меңгерген тұлғалар.
    Иммигранттарды критериалды бағалау жүйесі бойынша өту балы 600 балды құрайды. Скорингтен босатылатын санаттар. Критериалды бағалаудан (скорингтен) мына санаттағы тұлғалар босатылады: инвесторлар; сұранысқа ие мамандықтар бойынша келген адамдар; Қазақстанның экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын тұлғалар; әрекет қабілеті жоқ адамдар; кәмелетке толмағандар (ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жағдайда); 60 жастан асқан, бұрынғы отандастар болып табылатын немесе отбасын біріктіру мақсатында, оның ішінде ата-анасына қосылу үшін келген адамдар.
    Аталған санаттағы азаматтар төрт талап бойынша, яғни қоныстану өңіріне, Қазақстанда бір жылдан кем уақыт тұруына, еңбек қызметін жүзеге асыруына, қазақ тілінен тест тапсыруына және критериалды бағалауға (скорингке) қатысты талаптардан босатылады.
    Иммигранттардың критериалды бағалауы бірнеше кезеңнен тұрады: қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тест — app.tescenter.kz интернет-ресурсы арқылы; скоринг — migration.enbek.kz платформасында сауалнама толтыру арқылы; әңгімелесу.
    С-1 санатындағы визаны алу үшін алдымен тиісті порталда скоринг рәсімінен өту қажет. Оның құрамына қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тестілеу, сауалнама толтыру және әңгімелесу кіреді. Скоринг рәсімі migration.enbek.kz платформасы арқылы жүргізіледі. Скорингтен сәтті өткеннен кейін өтініш беруші Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әңгімелесуден өтуі тиіс. Әңгімелесу онлайн немесе офлайн форматта өткізілуі мүмкін.
    Құжаттарды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы тиісті хабарлама береді және құжаттарды уәкілетті органдардың келісуіне жолдайды.
    Аталған хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші уақытша болатын жері бойынша көші-қон қызметі басқармасына жүгініп, 3 ай мерзімге С-1 санатындағы визаны рәсімдеуі қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары