Бақылауда – отбасылық жанжал

    Бақылауда – отбасылық жанжал

    – Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтарға адамдардың өмірі мен денсаулығына, жеке бас бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, сондай-ақ жақын туыстар мен отбасы мүшелері арасындағы араздық қатынастарға немесе кенеттен туындаған жанжалдарға негізделген қоғамдық қатынастарға қол сұғатын құқыққа қайшы әрекеттер жатады. Отбасылық қолайсыздықтың және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Павлодар облысының полицейлері тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті.
    – Қазіргі таңда жеке профилактиканың негізгі шараларының бірі – қорғау нұсқамасын шығару және соттардың құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі.
    Мәселен, 2026 жылы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған 2880 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
    Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тағы бір тиімді шарасы – құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу. Құқық бұзушылықтарды қарау нәтижесінде полицияның өтінішхаттары бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 852 ерекше талап белгіледі. Оның ішінде 842 отбасылық жанжал шығарушыға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды.
    Құқық бұзушылықтардың негізгі себептерінің бірі – маскүнемдік. Себебі алкогольдік ішімдіктерді, әсіресе жүйелі түрде тұтыну адамның өзін-өзі бақылау қабілетінің әлсіреуіне немесе жоғалуына, қатыгездік, дөрекілік, ашушаңдық пен агрессияның көрінуіне әкеледі. Мас күйі адамның кекшілдік пен қызғаныш сияқты жағымсыз қасиеттерін де күрт күшейтеді.
    Ағымдағы жылдың 7 айында тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған 3312 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 10 азамат жазаланды, 22 құқық бұзушы ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары