Өңірлік даму: "Өскемен құс фабрикасы" басшылығымен кездесу өтті

    Бүгін «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамының басшылығымен — бас директордың міндетін атқарушы Марина Шацкаямен және ауданның Тұрақты даму қорының директоры Сырым Қайсарбековпен кездестім.
    Кездесу барысында кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыттары, оның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, ауылдық инфрақұрылымды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
    Сонымен қатар ауданның одан әрі дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлан ауданының әкімдігі" жаңалықтары