
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бейнеу ауданы бойынша Шекара қызметі басқармасының жеке құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге жол жүрісі қағидаларын сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруға жол бермеу талаптары түсіндірілді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға жол-көлік оқиғаларын «Еурохаттама» арқылы рәсімдеу тәртібі туралы ақпарат берілді.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жолда жауапкершілік пен сақтық танытуға шақырады.
Жолдағы қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!
Бейнеу аудандық полиция бөлімі








