
Бүгін Бейнеу аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы Бейнеу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты ашық есік күніне қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар ұлы қазақ ақыны әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысып, оның өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық кітап көрмесін тамашалады.
Осындай танымдық кездесулер ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға, мәдени мұраны сақтауға және рухани-адамгершілік тәрбиені нығайтуға ықпал етеді.
Бейнеу аудандық полиция бөлімі
https://www.instagram.com/reel/DbsKPkKOcKR/?igsh=MWFmb2d3MThkeTQyZA==








