Комитет стратегиялық инвестициялық жобаларды проактив сүйемелдеуді күшейтті

    Комитет стратегиялық инвестициялық жобаларды проактив сүйемелдеуді күшейтті

    Комитет ірі инвестор компаниялардың басшыларымен жұмыс кездесулерінің сериясын бастады.

    Бас Прокурордың тапсырмаларын іске асыру аясында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және ілгерілету бойынша күнделікті жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл ретте еліміз үшін стратегиялық маңызы бар жобаларға ерекше назар аударылады.

    Әрбір жоба бойынша Комитет инвесторлармен жеке кездесіп, проактив форматта жобалардың іске асырылу барысын нақты бағалайды, ықтимал мәселелерді анықтайды және қажетті шараларды уақытылы қабылдайды.

    Біздің басты мақсатымыз – мәселелердің туындауын күтпей, кедергілерді алдын ала анықтап, инвестициялық жобалардың уақытылы іске асырылуына жәрдемдесу.

    Комитет инвестициялардың құқықтық қорғалуын және мемлекет тарапынан қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, инвесторлармен жүйелі жұмысты жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары