Мас күйінде көлік жүргізу – баршаға қауіп

    Мас күйінде көлік жүргізу – баршаға қауіп

    «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері патрульдеу барысында «Audi» маркалы автокөлікті тоқтатты.

    Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері анықталды. Ер адамнан алкогольдің өткір иісі сезілген. Жүргізілген медициналық куәландыру оның ауыр дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

    – Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Айдар Сламбеков.

    Полиция жүргізушілерді алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады. Егер спирттік ішімдік ішкен болсаңыз, такси немесе қоғамдық көлікті пайдаланыңыз не көлік құралын мас емес жүргізушіге басқаруға беріңіз.

    Жол қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жауапты әрекетінен басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары