Құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлт руханиятының темірқазығына айналған ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының тағылымы дәріптелетін Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Абай – қазақ әдебиетінің биік шыңы ғана емес, халқымыздың рухани болмысын қалыптастырған ұлы тұлға. Оның шығармалары адамды ізгілікке, еңбекқорлыққа, білім мен ғылымды қадірлеуге, ел мен жерге адал қызмет етуге үндейді. Ұлы ақынның терең ойлары уақыт өткен сайын өзектілігін арттырып, әр буынға бағыт-бағдар беріп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай – ұлтымыздың рухани темірқазығы» деп атап өткен болатын. Шын мәнінде, Абай мұрасы – халқымыздың өткенін пайымдап, бүгінін бағалап, ертеңіне бағдар жасауына жол ашатын сарқылмас қазына.
Сыр өңірінде Абай шығармашылығы мен өнегелі мұрасын насихаттауға айрықша мән беріліп келеді. Оның шығармаларын жас ұрпақтың бойына сіңіру – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің маңызды бағыты.
Абай күні әр жүрекке рухани серпіліс, әр шаңыраққа береке мен ырыс әкелсін! Ұлы ақынның асыл сөзі жас ұрпақтың санасына сәуле түсіріп, елдік мұрат пен ізгілікке бастай берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін. Еліміздің тұғыры берік, бірлігіміз бекем, келешегіміз кемел болсын!
Абай күні құтты болсын!
Аудан әкімінің Абай күнімен құттықтауы!
Ұқсас материалдар

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәлімдемесі
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді үздіксіз іздестіруді тапсырды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Маңғыстау облысының жұртшылығы қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары

АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ 12 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуСенбілік жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуҚұрылыс саласының мамандарына құрмет көрсетілді
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуАудан әкімі жөндеуден өткен терапия бөлімшесінің жұмысымен танысты
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуОтандық тауарларды қолдауда атқарылған жұмыстар талқыланды
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу