8,5 млн электрондық анықтама және 5,6 млн онлайн қабылдауға жазылу: цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды жеңілдетті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    8,5 млн электрондық анықтама және 5,6 млн онлайн қабылдауға жазылу: цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды жеңілдетті

    Бүгінде миллиондаған қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді пайдаланып келеді. Электрондық медициналық анықтамалар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу және заманауи цифрлық шешімдер медициналық көмекті алу процесін азаматтар үшін ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуде.

    2025 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 215 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды.

    Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі – медициналық құжаттарды электрондық форматқа көшіру болды. Қазіргі таңда медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылды, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. 2025 жылы азаматтарға 8,5 миллионнан астам электрондық медициналық анықтама берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

    Ел тұрғындары дәрігердің қабылдауына цифрлық сервистер арқылы жазылу мүмкіндігін барған сайын жиі пайдалануда. 2025 жылы онлайн жазылу қызметін 5,6 миллион азамат қолданды. Бұл мамандардың қабылдауын тіркеу бөліміне жүгінбей-ақ алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Цифрлық шешімдер маңызды диагностикалық зерттеулерді күту мерзімін де қысқартуға ықпал етуде. Мәселен, ПЭТ/КТ зерттеуін күту уақыты үш айдан екі аптаға дейін қысқарды.

    Цифрлық денсаулық сақтауды дамытудың келесі кезеңі денсаулыққа төнетін қауіптерді ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. 2026 жылдан бастап халықтың негізгі топтарын цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі 7 миллионнан астам бала, репродуктивтік жастағы шамамен 5 миллион әйел және 400 мың жүкті әйел бар.

    Бұл ықтимал қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға, профилактикалық жұмысты күшейтуге және медициналық бақылаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Алдағы уақытта онлайн брондау қағидаты бойынша дәрігерлердің бірыңғай қабылдау кестесін, e-Health порталын және азаматтарға, медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдарға арналған мобильдік қосымшаны іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар кері байланыс тетіктері мен медициналық қызметтің нақты көрсетілгенін растау құралдары одан әрі дамытылады.

    Бұдан бөлек, медициналық анықтамаларды толықтай цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасады.

    Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың басты мақсаты – медициналық көмекті әрбір азамат үшін қолжетімді, ыңғайлы әрі оның қажеттіліктеріне бағдарланған ету.

    Сондай-ақ оқыңыз

    10 тамыз 2026

    Резидентура-2026: осы аптада талапкерлер нені білуі маңызды
    09 тамыз 2026

    ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АҚТАС КЕНТІНДЕГІ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ПАЦИЕНТТЕРІНЕ ҚАТЫГЕЗДІК КӨРСЕТІЛГЕНІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
    09 тамыз 2026

    В Алматы строят новую амбулаторию и обновляют больницы
    09 тамыз 2026

    Қазақстандағы мектеп медицинасы цифрлық форматқа көшуде: балалардың денсаулығы технологиялар көмегімен бақыланады
    09 тамыз 2026

    Впервые в Атырау проходит мастер-класс по кохлеарной имплантации
    Барлық жаңалық
    Әлеуметтік желілер

    GOV.KZ
    Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы
    NITEC
    Қазақстан Республ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары