Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні – Абай күні құтты болсын!

    Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні – Абай күні құтты болсын!

    Құрметті жамбылдықтар!

    Бүгін – халқымыздың ұлы ойшылы, дана ақыны, кемеңгер перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр.

    Оның әрбір өлеңі мен қара сөзі — бүгінгі ұрпаққа да бағыт-бағдар беретін асыл мұра. Абай Құнанбайұлы — қазақтың ұлы ақыны ғана емес, халықты білімге, еңбекке, ғылымға және адамгершілікке үндеген кемеңгер ойшыл.

    «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» Абай мұрасы — өткеннің естелігі емес, бүгінгі күннің де рухани құндылығы. Ұлы ақынның сөзі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың жүрегінде мәңгі жасай бермек.

    Баршаңызды рухани мереке - Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, аспанымыз ашық, рухымыз биік болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары