"Алакөл ауданының Жағатал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының мол мұрасы – ұрпаққа қалдырған асыл қазына. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері адамды білімге, еңбекке, ізгілікке, адамгершілікке үндейді.
Кеш барысында Абайдың тағылымды өлеңдері оқылып, әндері орындалып, ақынның шығармашылығы мен өмір жолы кеңінен насихатталды. Әдебиет пен әуезді ән тоғысқан бұл шарада қатысушылар ұлы ақынның рухани мұрасынан тағылым алып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосты.









