
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдароның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады.
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беру қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiн есептеу
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазамерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды.
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау кезінде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.
Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы
– Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.
Қазіргі таңда «қоғамдық жұмысқа» тарту жазасын орындауға ел Президенті Қ.К.Тоқаев аса көңіл бөліп отырғаны белгілі. Сондықтан да Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің Мойынқұм аудандық пробация қызметі Президент тапсырмасын орындау бағытындағы жұмыстарын ҚР Қылмыстық атқару Заңнамасы шеңберінде орындап келеді.
Мойынқұм аудан ПҚ
инспекторы
Әділет лейтенанты Н.Ғабитұлы









