Шахтинск технологиялық колледжінің студенті жасаған металл ұшақ Iiw 2026 digital Collection Welded Art Photographic Exhibition: shaping the Future халықаралық цифрлық фотокөрмесінде ұсынылған жұмыстардың қатарына енді.

    Шахтинск технологиялық колледжінің студенті жасаған металл ұшақ Iiw 2026 digital Collection Welded Art Photographic Exhibition: shaping the Future халықаралық цифрлық фотокөрмесінде ұсынылған жұмыстардың қатарына енді. Экспозицияда әлемнің 15 елінен 50-ден астам арт-объект авторлары бар, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

    Көрменің басты тақырыбы-Shaping the Future ("болашақты қалыптастыру"). Қатысушылар әртүрлі дәнекерлеу әдістерімен жасалған металл мүсіндерді ұсынды. Жұмыстар инновация, тұрақты даму, креативтілік және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу идеяларын көрсетеді.

    Биылғы көрмеде елімізді жеті білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар таныстырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары