Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

ҚЫЗМЕТТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТАПСЫРМА ТҮСІНДІРІЛДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінен келіп түскен тапсырмаға сәйкес, қызметтік құжаттарды қарау тәртібі және «e-Өтініш» платформасы арқылы келіп түсетін өтініштерді қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тапсырмада көрсетілген талаптарды уақтылы және сапалы орындау, сондай-ақ қызметтік құжаттармен жұмыс жүргізу тәртібін сақтау мақсатында департамент қызметкерлеріне тиісті ақпарат жеткізіліп, орындауға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылды.
Халықтың өтініштерін қарау кезінде заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету – департамент қызметінің негізгі басымдықтарының бірі.
Құрметпен,
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.









