
Ақтау қаласында шағын ауданішілік автомобиль жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары Толқын-1, Толқын-2, 33 және 34-шағын аудандардың ішкі автокөлік жолдарында жүргізілуде.
Мамандар жол жабындысындағы ақауларды қалпына келтіріп, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына қолайлы жағдай жасауда.
Жұмыстар кезең-кезеңімен қала аумағындағы өзге де шағын аудандарда жалғасатын болады.
Осыған байланысты жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









