Ақтауда автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Ақтауда автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Ақтау қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 35-шағынаудандағы Кәсіпкерлер палатасы ғимаратынан 31А шағынауданда орналасқан облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ғимаратына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Қазіргі таңда аталған учаскеде жол жиектастары жаңартылуда. Алдағы күндері ескі жол жабыны алынып, жаңа асфальт-бетон жабыны төселеді.

    – Асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетіндіктен, жолдың жекелеген учаскелері уақытша жабылып отырады. Осыған байланысты тұрғындар мен көлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін қозғалыс шектеулеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Исматулла Адай.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары