VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтті

    VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтті

    Бүгін VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Алмас Ұлан Алмасұлы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, депутаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/260 «Приозерск қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе болды. Аталған өзгерістер аясында апат қаупі бар тұрғын үйлерге қаржы қарастыру көзделді. Сонымен қатар, әкімдіктің салалық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу және заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты «Приозерск қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар енгізу мәселелері қаралды. Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Приозерск қалалық мәслихатының аппараты" жаңалықтары