Алатау ауданы Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің 44%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр

    Алатау ауданы Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің 44%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр

    2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша Алатау ауданындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 495,9 млрд теңгеге жетті. Бұл Алматыдағп жалпы өнеркәсіп өндірісінің 44,1%-ы. Бұл туралы Алатау ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

    Ауданның өнеркәсіп секторында 3 ірі және 11 орта кәсіпорын жұмыс істейді. Нақты көлем индексі 154,5%.

    Жарты жыл ішінде негізгі капиталға 177,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 80,1 млрд теңгеге көп. Ауданның Алматы қаласы бойынша инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 23,1%-ға жетті.

    Мемлекеттік бюджетке 79,6 млрд теңге салық түсті. Оның ішінде 49,2 млрд теңге жергілікті бюджетке аударылды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 34%-ға жоғары.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары