
Түркістан облысында алдағы сайлау науқаны қарсаңында сайлау учаскелерінде қызмет атқаратын комиссия мүшелеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің алдын алу шаралары, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі, эвакуациялау жолдары және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жан-жақты түсіндірме берді.
Сонымен қатар комиссия мүшелеріне электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстау, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.









