«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОЙТАЛДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОЙТАЛДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ойтал ауылдық округіндегі қоғамдық орындарда кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

    Сенбілік барысында ауылдағы саябақ пен қант зауыты аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, шөптер шабылып, аумақ тырмаланып, қураған бұтақтар кесілді. Сонымен қатар, жиналған тұрмыстық және өсімдік қалдықтары шығарылып, қоғамдық орындардың тазалығы ретке келтірілді.

    Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің, ауылдық округтердің және түрлі мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысты.

    Мұндай жұмыстар елді мекендердің көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған. Қоршаған ортаны таза ұстау – бір реттік шара емес, баршаға ортақ жауапкершілік.

    «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары аудан аумағында тұрақты түрде жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары