Глубокое ауданындағы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғындарына жаңа шағын автобус табысталды

    Глубокое ауданындағы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғындарына жаңа шағын автобус табысталды

    Глубокое ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғындары да дәл солай өз қалауларын жасырмай жеткізген еді. Жалғызбасты қарттардың өтініші де нақты болды. Олар орталықтан тыс жерлерге барып-қайтуға мүмкіндік беретін шағын автобус қажет екенін айтты.

    Бұл өтініштерін олар Жаңа жыл қарсаңында арнайы келіп құттықтаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановқа жеткізді. Өңір басшысы мәселенің шешілетінін айтып, уәде берген болатын.

    Бүгін сол уәде орындалып, орталыққа жаңа шағын автобус табысталды.

    Енді орталық тұрғындары үшін экскурсияларға, концерттерге, театр қойылымдарына, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу әлдеқайда қолжетімді болмақ. Айта кетейік, биыл Солнечное ауылындағы қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылғанына 25 жыл толды. Қазір мұнда 112 адам тұрып жатыр. Олардың ең үлкені 96 жаста.

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары