Жаңаөзенде төрт тәулік бойы із-түзсіз жоғалған әйел аман-есен табылды

    Жаңаөзенде төрт тәулік бойы із-түзсіз жоғалған әйел аман-есен табылды

    Жаңаөзен қаласында төрт тәулік бойы із-түзсіз жоғалған 51 жастағы әйел аман-есен табылды. Іздестіру жұмыстары полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, әскери бөлімнің әскери қызметшілері, еріктілер және жергілікті тұрғындардың бірлескен күшімен жүргізілді.

    Жоғалған тұрғынның жақындары іздеу жұмыстарына жұмылдырылған барлық азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдірді.

    «Үмітімізді үзбедік. Баршаңыздың қолдауы мен көмегі бізге күш берді. Іздеуге қатысқан әрбір жанға мың алғыс!» – деді әйелдің туысы.

    Іздестіру жұмыстарына атсалысқан полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі, әскери қызметшілер, еріктілер мен бейжай қарамаған тұрғындардың үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жоғалған азаматша дін аман табылып, жақындарына оралды.

    Адам өмірі – ең қымбат құндылық. Осындай сын сағатта бірлік пен жанашырлық танытып, іздестіру жұмыстарына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз.

    https://www.instagram.com/reel/Dbs34oHsmVy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары