АСТАНАДА «ЖҮРЕГІМНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРУ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

    АСТАНАДА «ЖҮРЕГІМНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРУ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ
    9 тамыз күні Астанадағы «Нұр Әлем» павильоны алдындағы алаңда Heart Center Foundation қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «Жүрегімнің жеңімпазы» қайырымдылық жүгіру фестивалі өтеді.
    Қайырымдылық жүгіру фестиваліне тіркелу Heart Center Foundation қоғамдық қорының ресми сайтында ашық.
    Биыл фестиваль алғаш рет ауқымды қалалық қайырымдылық іс-шарасы форматында өтеді. Оған жасына және дене дайындығына қарамастан барлық ниет білдіруші қатыса алады. Қатысушылар үшін 1, 3 және 10 шақырым қашықтықтар қарастырылған.
    Жүгіру бағыты елорданың көрікті жерлері мен басты сәулет нысандарын қамтиды.
    Қатысу жарнасы:
    * 1 шақырым – 9 000 теңге;
    * 3 шақырым – 12 000 теңге;
    * 10 шақырым – 15 000 теңге.
    Мәреге жеткен әрбір қатысушыға естелік медаль табысталады. Старттық жиынтықтарды 6–8 тамыз аралығында Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38 мекенжайындағы UMC Жүрек орталығынан алуға болады.
    Фестиваль аясында келушілер үшін Check-up аймағында тегін медициналық тексерулер, шеберлік сабақтары, балаларға арналған ойын және интерактивті алаңдар, жергілікті өндірушілер жәрмеңкесі, фудкорт пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бас сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары Беркут пен Аиша, Мархаба Сәби және Орынхан өнер көрсетеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары