Қарақұдық ауылдық кітапханасында «Абай ғасыр тұлғасы» атты әдеби сағат өтті

    Қарақұдық ауылдық кітапханасында «Абай ғасыр тұлғасы» атты әдеби сағат өтті

    Қарақұдық ауылдық кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай ғасыр тұлғасы» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Бұл рухани шараға ауыл жастары белсене қатысты.

    Іс-шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа дана ақынның бай мұрасын насихаттау, шығармаларының тәрбиелік мәнін түсіндіру және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

    Кездесу барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның өмір жолы туралы маңызды мағлұматтармен бөлісті. Мұндай рухани бағыттағы шаралар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары