
Қарағанды облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасы фитнес-жаттықтырушы Эдуард Гроссулмен бірлесіп, «Балалық шақ қауіпсіздігі мектебі» акциясы аясында 50 жылдық Қазақстан саябағында велосипедті қауіпсіз жүргізу бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында жас велосипедшілер жолда қауіпсіз жүру ережелерімен танысып, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануды үйренді және алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Пайдалы кеңестер, қызықты тапсырмалар мен көтеріңкі көңіл күй балаларға жаңа білім, сенімділік және жарқын әсер сыйлады.
Осындай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға ықпал етеді.






