2026 жылғы 6 тамызда Алтай қаласында балалар мен олардың ата-аналары арасында футболдан турнир өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    2026 жылғы 6 тамызда Алтай қаласында балалар мен олардың ата-аналары арасында футболдан турнир өтті

    ⚽ 2026 жылғы 6 тамызда Алтай қаласында балалар мен олардың ата-аналары арасында футболдан турнир өтті.

    Жарыс жылы, достық әрі отбасылық атмосферада өтіп, қатысушыларға жарқын әсер мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Алаңда спорттық рух, командалық бірлік, өзара қолдау және әділ бәсеке көрініс тапты.

    Турнир қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ барлық қатысушылар Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан медальдармен және грамоталармен марапатталды.

    Барлық қатысушыларға, ата-аналарға, жанкүйерлерге және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Осындай спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, отбасы құндылықтарын нығайтуға зор үлес қосады. Баршаңызға жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! ⚽🏅

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары