
Бүгін таңғы сағат 06:00-де Сарыкөл ауданының спортшылары Арқалық қаласында өтетін XXXIX жазғы облыстық спартакиадаға қатысу үшін жолға шықты. Жарыс алдында аудан әкімі Марат Шымырбеков спортшылармен кездесіп, оларға сәттілік тілеп, аудан намысын абыроймен қорғауға шақырды.
Жазғы облыстық спартакиада – өңірдің үздік спортшылары бас қосатын, күш пен шеберлікті, төзімділік пен жеңіске деген жігерді сынайтын беделді жарыс. Сарыкөлдік спортшылардың әрқайсысына сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тілектеспіз. Ауданымыздың абыройын асқақтатып, көк туымызды биіктен желбіретіп қайтуларына тілектеспіз, - деді Марат Лесбекұлы.








