Ұлытау облысының медициналық ұйымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

    Ұлытау облысының медициналық ұйымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

    2026 жылғы 6 тамызда Ұлытау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманы ұйымдастыру-әдістемелік бақылау (ОМБ МӘС) бөлімінің мамандары облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссияларының (ДКК) төрағаларымен, отбасылық дәрігерлерімен және жалпы практика фельдшерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:

    * пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау, сондай-ақ МӘС өткізуге ұсынылатын құжаттардың сапасыз дайындалу себептерін талдау;
    * мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын (ӘАОЖБ) қалыптастыру және техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) тағайындау мәселелері;
    * өңірдегі және медициналық ұйымдардағы аурушаңдық құрылымын талдау арқылы медициналық-әлеуметтік сараптамаға сырттай проактивті форматта жолдануға жататын пациенттердің резервін анықтау.

    Кездесу барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, медициналық құжаттарды сапалы рәсімдеу және сырттай проактивті куәландыру тетігін кеңінен қолдану мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Осындай іс-шаралар медициналық ұйымдар мен медициналық-әлеуметтік сараптама қызметі арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге, сондай-ақ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары