
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – азаматтың жеке қолының заңды баламасы болып табылады. Сондықтан оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды.
ЭЦҚ кілттерін бөтен адамдарға беруге, компьютерде немесе телефонда ашық күйде сақтауға болмайды. Сонымен қатар SMS-кодтарды ешкімге айтуға болмайды.
Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына сәйкес ЭЦҚ иесі өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалануға өзі жауап береді.
Егер ЭЦҚ үшінші тұлғалардың қолына түсті деген күдік болса, оны дереу кері қайтарып, жаңасын рәсімдеу қажет.









