Баутино ауылында тұрғындармен кездесу өтті

    Түпқараған ауданының Баутино ауылында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл әкімі, учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ғ. Артықбай және ауыл тұрғындары қатысты.

    Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың профилактикасы, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

    Іс-шара аясында тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, көтерілген сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді.

    Мұндай кездесулер тұрғындармен кері байланысты нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

    https://www.instagram.com/reel/DbqQuEPCYIH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары