
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия жұмысына жергілікті атқарушы органдардың, кәсіподақтар, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Медеу Ахметов қатысып, «Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою туралы» тақырыбында баяндама жасады. Талқылау барысында балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы мәселелері қаралды.









