
Сессия жұмысына Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев, қала әкімінің орынбасарлары Алмат Исмағұлов, Мәжит Шөленов, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Қожуқов, Қостанай қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Тапаев, мемлекеттік бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі жоспарлы мәселе қаралды, оның біріншісі бойынша қала әкімі депутаттарға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы және қаланың экономикалық және әлеуметтік даму қорытындылары туралы есеп берді.
Мәселен, Қостанай қаласы Қостанай облысы дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша Қостанай облысында өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 52,8%-ын; негізгі капиталға салынған облыстық инвестиция көлемінің 44,8%-ын; пайдалануға берілген тұрғын үйдің 58,3%-ын; құрылыс-монтаж жұмыстарының 38,3%-ын; бөлшек тауар айналымының 71,9%-ын және көтерме тауар айналымының 79,6%-ын қамтамасыз етеді.
Есепті қарау барысында біздің қаламыздың дамуының барлық негізгі көрсеткіштері: бюджет, инвестициялар, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тұрғын үй құрылысы, көлік және қалалық инфрақұрылымды дамыту, көше жарықтандыру, жылумен және сумен жабдықтау, санитарлық тазарту және абаттандыру, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және мәдениет қарастырылды.
Екінші жоспарлы мәселе «Цифрлық трансформация нәтижелері туралы: цифрландыру мен жасанды интеллекттің оң және теріс жақтары. Киберқауіпсіздік.» бойынша «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Арлан Оразалиев баяндама жасады.
Баяндама Қостанай қаласында қалалық тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан кезең-кезеңдік жұмысты түсіндіруді қамтыды.
Тұтастай алғанда, Қостанай қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының жоспарлы мәселелері жан-жақты қаралып, депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімдерімен бекітілді.







