Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    Қарағандылық Дәмелі Ермекова үшін ұлттық қолөнерге деген қызығушылық әлдеқашан жай ғана хобби шеңберінен шыққан. Осыдан бес жыл бұрын ол дәстүрлі қазақ өнерін дәріптейтін Qazyna School мектебінің негізін қалап, бүгінде онда балалар мен ересектерге ұлттық қолөнерді үйретіп, этностильдегі шығармашылық жиынтықтар, дамытушы ойыншықтар және киізден жасалған түрлі бұйымдар шығарады.

    Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    Уақыт өте келе шағын шеберхана толыққанды өндіріске айналды. Кәсіптің жаңа деңгейге көтерілуіне мемлекеттік грант үлкен серпін берді.

    Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    Өткен жылдың күзінде Дәмелі Ермекова «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері қатарына еніп, қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанды. Ұтып алған қаражатқа заманауи жабдықтар сатып алынып, екі жаңа жұмыс орны ашылды.

    — Мемлекеттік қолдаудың арқасында өндірісті жаңғыртып қана қоймай, тағы екі жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік алдық. Шағын бизнес үшін бұл – зор қолдау. Бұрын барлық жұмысты қолмен атқарсақ, қазір заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланамыз. Бөлшектерді лазерлік станокпен кесеміз, қалың маталарға арналған өнеркәсіптік тігін машинасын сатып алдық, бұйымдардың үлгісін ноутбук арқылы әзірлейміз. Енді әрбір тапсырыс берушінің қалауын ескеріп, жеке тапсырыстарды сапалы әрі қысқа мерзімде орындай аламыз, — дейді Дәмелі Ермекова.

    Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    Жаңа технологиялардың енгізілуі өндіріс қарқынын едәуір жеделдетіп, өнім сапасын жақсартып қана қоймай, шығарылатын бұйымдардың түр-түрін көбейтуге жол ашты.

    Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы аясында беріледі. Қайтарымсыз грант көлемі 5 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл қаражатты құрал-жабдық, шикізат пен материалдар сатып алуға жұмсауға болады. Бағдарламаның негізгі талаптарының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу.

    Сонымен қатар кәсіпкерлерді қолдау тек қаржылай көмекпен шектелмейді.

    Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    — Грант – ұсынылатын қолдау тетіктерінің бірі ғана. Кәсіпкерлер тегін оқып, бизнес-жоспар әзірлеуге, бухгалтерлік және салықтық сүйемелдеуге қатысты кеңес ала алады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде дерлік жан-жақты қолдау көрсетеді, — деді кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Расул Қасенхан.

    Қарағанды облысында шағын және микрокәсіпкерлікті дамытуға айрықша мән беріледі. Гранттардан бөлек, кәсіпкерлерді қолдаудың түрлі құралдарын біріктіретін «Іскер аймақ» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын осы бағдарлама аясында шамамен 50 жоба қаржыландырылады.

    Хоббиден кәсіпке: Қарағанды тұрғыны қолөнерге деген сүйіспеншілігін табысты өндіріске айналдырды

    Биыл «Бір ауыл – бір өнім» жобасы да кеңейтіліп, финалистер саны бестен онға дейін ұлғайтылды. Бұл өз кәсібін дамытуға ұмтылған тағы да көптеген бастамашыл азаматқа мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді.

    Фото: Александр Марченко

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары