
Түркістан облысының Келес ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейд өткізілді.
Іс-шара барысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 230-ға жуық дерегін анықтап, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Рейд кезінде жол қозғалысын бақылау үшін пилотсыз ұшу аппараты да қолданылды. Hyundai Sonata және Li Auto L9 автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Көлік құралдары мамандандырылған айыптұраққа қойылып, жинақталған материалдар соттың қарауына жолданды.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді. Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол-көлік оқиғасына әкеліп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін қауіпті құқық бұзушылық. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.









