
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов государственный орган аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004–2009 жылдары — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.
2009–2014 жылдары — ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі.
2014–2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры.
2015–2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2019–2020 жылдары — ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2020–2023 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2023–2024 жылдары — ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.
2024–2025 жылдары — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді









