
Отырар ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының бастамасымен және тұрақты бақылауымен аудандағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалар жалғасып келеді.
Бүгінгі таңда Отырар ауданындағы 22 елді мекен табиғи газға қосылған. Газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, ендігі кезекте Маяқұм ауылында ішкі газ құбырларының құрылысы жүргізілуде.
2026 жылы басталған жоба 2027 жылға өтпелі болып табылады. Жоба аясында жалпы ұзындығы 36,838 шақырым болатын ішкі газ құбырлары тартылуда.
Аталған жоба аяқталғаннан кейін Маяқұм ауылының тұрғындары табиғи газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасы артады. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру қолайлылығын жақсартып, экологиялық жағдайдың оңалуына және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына серпін береді.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі түрде іске асыру жалғасатынын атап өтіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстап отыр.









