
Отырар ауданында елді мекендердің жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда Самырат ауылындағы Тәттібай көшесі мен Балтакөл ауылындағы Ж.Жабаев көшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған көшелерді жөндеу мәселесі аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген болатын. Бүгінде сол өтініштер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты шешімін табуда.
Орта жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жолдардың сапасы жақсарып, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасалады. Бұл – аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Аудан әкімдігі тұрғындармен кері байланысты тұрақты негізде жалғастырып, халық көтерген өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жұмыстарын жалғастыра береді.









