Ойыл ауданында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті

    Ойыл ауданында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің басшысы – Касенова Анара Бауржановна және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің бас маманы - Есалиева Лейла Бурабековнаның қатысуымен аудандағы жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында:
    ✓Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді енгізу тәртібі;
    ✓Ұжымдық шартты жасау тәртібі, қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
    ✓Қызмет көрсету аймағының кеңеюі және уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру)кезінде еңбекке ақы төлеу;
    ✓Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
    ✓Квота талаптарының орындалуы; Жиын барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еңбек заңнамасын сақтау және еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру жөнінде нақты түсіндірмелер берілді.

    Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ" жаңалықтары