Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылым туралы жаңа заң күшіне енді

    Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 2026 жылғы 5 маусымда №300-VIII ҚРЗ Конституциялық заңын қабылдады. Конституциялық заң 2026жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқаенгізіледі.

    ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің e.zan деректеріне сәйкес жаңа Конституциялық заң әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту тәртібін айқындайды.

    Конституциялық заңды қабылдау мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңа Конституциялық заңның заң күші неғұрлым жоғары және Қазақстанның өңірлері, аудандары мен қалаларының картасындағы кез келген өзгерістер үшін тікелей қолданылатын болады.

    СолтүстікҚазақстаноблысыүшінзаңныңқабылдануыаудандардыңшекараларын, елді мекендердіңмәртебесін өзгертуге, жаңаауылдықокругтердіңқұрылуынақатысты кез келгенмәселелерКонституциялықзаңныңнормаларынақатаңсәйкестіктешешілетінінбілдіреді.

    Заңның толық мәтінімен ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде adilet.zan.kz. порталында танысуға болады

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" жаңалықтары