
Алмалы ауданында төрт жүргіншілер аймағы мен Балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы скверді көркейту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты.
Жұмыстар Панфилов көшесінде Райымбек даңғылынан Жібек жолы көшесіне дейін, Қарасай батыр көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Масаншы көшесіне дейін, Чайковский көшесінде Қазыбек би көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін, сондай-ақ Гагарин даңғылында Абай даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне дейінгі учаскелерді қамтиды.
Аталған аумақтарда көгалдандыру, көпжылдық бұталар егу, тротуарды жарықтандыру, тамшылатып және автоматты суару жүйелерін орнату көзделген.
Бұған қоса, Балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы скверді күрделі жөндеу мен көгалдандыру жұмыстары басталды. Жобалардың мақсаты – тұрғындар үшін жайлы жүргіншілер кеңістігін қалыптастырып, ауданның қоғамдық орындарын жаңарту.









