«Көшпенділер» шығармасы – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі

    «Көшпенділер» шығармасы – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауын орындау мақсатында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлердің тарихи-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған іс-шара өткізілді.

    Жоспарға сәйкес шілде айында оқуға ұсынылған шығарма – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи романы болды.

    Іс-шара аясында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы мен жас қызметкерлері Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана барып, кітапхана қорымен танысып, «Көшпенділер» көркем фильмін тамашалады. Сонымен қатар қызметкерлер романды алдын ала оқып, шығарма мазмұны бойынша өзара пікір алмасты.

    Талқылау барысында романда көрініс тапқан Қазақ хандығының құрылуы, ел тәуелсіздігі жолындағы күрес, халқымыздың бірлігі мен батыр бабаларымыздың ерлігі жан-жақты сөз болды. Қатысушылар шығармадағы тарихи оқиғалардың бүгінгі ұрпаққа берер тағылымына тоқталып, отансүйгіштік, адалдық, елге қызмет ету және ұлттық құндылықтарды құрметтеу қағидаларының маңызын атап өтті.
    Осындай тәрбиелік іс-шаралар жеке құрам мен жас қызметкерлердің кітап оқуға қызығушылығын арттырып, тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық рухты нығайтуға және қызметтік міндеттерді адал атқаруға ықпал етеді.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары