Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі әлемдік аудиторияның жоғары қызығушылығын тудырып, көрермен саны бойынша жаңа рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуде. Кеше жарыс трансляцияларының жалпы қаралымы 85 миллион болса, бүгін бұл көрсеткіш 185 миллионға жетті. Осылайша, небәрі бір тәулік ішінде аудитория 100 миллион қаралымға артты. Мұндай қарқын турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін және фиджитал форматындағы жарыстардың әлемдік деңгейде сұранысқа ие бола бастағанын көрсетеді.
Турнирдің кең ауқымды халықаралық қамтылуы Қазақстанның спорт пен заманауи технологияларды ұштастыратын ірі жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Ал «Болашақ ойындарының» елімізде өткізілуі Қазақстанның цифрлық және технологиялық даму бағытымен толық үндеседі.
Бүгінде киберспорт жастар арасында кеңінен танымал. Бұл ретте басты мақсат – цифрлық спорт түрлері мен дәстүрлі спорттың бір-біріне қарсы емес, керісінше өзара толықтырып, жастарды белсенді өмір салтына тартудың тиімді құралы екенін көрсету.
«Болашақ ойындары» – халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін және Қазақстанды спорт, инновация мен жаңа технологиялардың заманауи орталығы ретінде әлемге танытатын маңызды алаң.
Сондай-ақ оқыңыз
04 тамыз 2026
Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыруға бағытталған шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды04 тамыз 2026
Ақтөбеде теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын03 тамыз 2026
Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер03 тамыз 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын ресми түрде бастап берді01 тамыз 2026
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы өтті
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









