Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Биыл Қарағанды облысында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 510 мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңнің қорытындысы шығарылды: түскен 267 өтінімнің ішінен конкурстық комиссия 164 жобаны мақұлдады. Қолдауға мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар ие болды.

    Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Бұл туралы Қарағанды облысының Еңбек мобильділігі орталығында хабарлады.

    Грант иегерлері облыстың барлық қалалары мен аудандарында бар. Соның ішінде Қарағанды қаласында 84 адам мемлекеттік қолдау алды.

    Орталықтың мәліметінше, ұсынылған бизнес-идеялар дәстүрлі қолөнерден бастап заманауи сервистік қызметтерге дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды. Жаңа жобалар қоғамдық тамақтандыру, тігін өндірісі, сұлулық индустриясы, білім беру, ауыл шаруашылығы және өзге де салаларда жүзеге асырылады.

    Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Мемлекеттік грант иегерлерінің бірі Руслан Нұралиннің есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар және ерекше қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отыр. Жұмыссыз мәртебесіне қарамастан, ол арманына қарай батыл қадам жасады. Байқауға жиһаз өндіруге арналған әлеуеті жоғары бизнес-жобасын ұсынып, іріктеуден сәтті өтіп, қаржыландыруға қол жеткізді.

    Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Жанар Үкітаева жұмыссыз қалғаннан кейін Мансап орталығына жүгінген. Онда оған бос жұмыс орындары ұсынылып қана қоймай, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі туралы да ақпарат берілген.

    – «Бастау бизнес» жобасы аясындағы курстан өттім. Гранттар конкурсына ағаштан бұйымдар жасау жобаммен қатыстым. Барлығы сәтті өтті – мемлекеттен бастапқы капитал алып, енді өз ісімді бастаймын. Өте қуаныштымын. Баршаңызға айтарым: талпынып көруден қорықпаңыздар, өз күшіңізге сеніңіздер. Егер ісіңіз пайдалы әрі қажет болса, міндетті түрде қолдау табасыздар, – дейді грант иегері.

    Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Енді жеңімпаздар келісімшарт жасасып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі немесе қолданыстағы мәртебесін өзектендіруі тиіс. Осыдан кейін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, өз бизнес-жобаларын іске асыруға кірісе алады.

    Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Мемлекеттік гранттың мөлшері – 400 АЕК-ке дейін (1 730 000 теңге). Қаражат қайтарымсыз негізде беріледі және жеке кәсіпті ашуға әрі дамытуға арналған.

    Конкурсқа тіркелген жұмыссыз азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Үміткерлер азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының біріне жатуы тиіс. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдар немесе мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек пен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар, қандастар және өңіраралық қоныс аударушылар қатыса алады. Міндетті шарттардың бірі – үш жылдан аспайтын мерзім бұрын алынған «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткенін растайтын сертификаттың болуы.

    Қарағанды облысында 164 адам кәсіп ашуға мемлекеттік грант алды

    Бағдарламаға енгізілген екі маңызды өзгерісті де ескерген жөн. Мемлекеттік грант алушы жоба іске асырылған күннен бастап 18 ай ішінде ресми жұмыс орнын құруға міндетті. Сонымен қатар кураторлардың мониторинг жүргізу мерзімі ұзартылды: енді жоба екі жыл бойы бақылауда болады. Бұған дейін бұл мерзім бір жылды құрайтын.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары