Қарағанды облысында бірнеше ай бойы ауыл тұрғындарын әбігерге салған мал ұрлығының беті ашылды. Нұра ауданында криминалдық полиция қызметкерлері тұрғындардың төрт түлігін жүйелі түрде қолды еткен күдіктілер тобын ұстады. Ең сорақысы – олар өздерімен көрші тұратын ауылдастарының малын ұрлап келген. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер биылғы наурыз айынан бастап ұйымдасқан түрде мал ұрлығымен айналысқан. Бірнеше ай ішінде кемінде бес қылмыстық эпизод жасап, ауыл тұрғындарының 14 ірі қарасы мен 24 қойын қолды еткен. Ауыл халқы үшін бұл – жай ғана мүлік емес, күнкөріс көзі мен маңдай тердің өтеуі. Қарағанды облысы полиция департаментінің Нұра аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің ізіне түсіп, оларды қолға түсірді. Ұсталғандардың барлығы Нұра ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғындары екені анықталды. Тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін жеткізді. Полицейлер ұрланған малдың бір бөлігін заңды иелеріне қайтарды. Атап айтқанда, жеті сиыр мен үш қой өз иелеріне табысталды. Ал қалған малдың Ақмола облысы мен Астана қаласының аумағында сатылып кеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта оларды анықтап, заңды иелеріне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сонымен қатар полицейлер ұсталғандардың Нұра ауданында және көршілес өңірлерде жасалған осыған ұқсас басқа да мал ұрлығы деректеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл қылмыстық топтың ұсталуы бірнеше ай бойы ауыл тұрғындарының мазасын алған мал ұрлығының жолын кесіп, жәбірленушілердің құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Өз ауылын өздері тонаған: Қарағанды облысында бірнеше ай бойы мал ұрлаған топ ұсталды
Ұқсас материалдар

Танымал актерлер Каспий теңізіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
АшуБатыс Қазақстан облысының білім басқармасы бос лауазымдарға ашық конкурс жариялайды
Ашу
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Ашу
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
Ашу
Ақжарда 36 шақырым жолға асфальт төселді
Алматы қаласының әкімдігіАшу
"" жаңалықтары

«Қарғысты қайтарамыз» деген алаяқтар: Қарағандыда зейнеткер 15 миллион теңгесінен айырылды
Ашу
Өрттен бес баланы аман алып шыққан полицей: Қарағандыда еңбек демалысындағы тәртіп сақшысы нағыз ерлік көрсетті
Ашу
180 келідей есірткі тәркіленді: Қарағанды облысының полицейлері мыңдаған адамның өмірін құтқарды
Ашу
Қарағандыдағы «Open Air» фестиваліне 10 мың қонақ жиналып, 50 жоғалған бүлдіршін табылды
Ашу
Алматыда жасырынған қарағандылық алаяқ «Сергек» жүйесінің көмегімен ұсталды
Ашу